Поощрение ведомственными наградами Министерства просвещения РК
📣Педагогтерді марапаттауға қатысты жаңсақ деректерді болдырмау мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Үкімет Қаулысына, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Көтермелеудің салалық жүйесін бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
📥Білім беру саласының педагогтері мен қызметкерлерін көтермелеу жүйесіне кіреді:
— «Оқу-ағарту министрінің Алғысы»;
— «Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасы»;
— «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқудың үздігі» құрметті дипломы;
— «Орта білім беру ісінің үздігі» құрметті дипломы;
— «Қосымша білім берудің үздігі» құрметті дипломы;
— «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» құрметті дипломы;
— «Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметі»құрметті дипломы;
— «Ы. Алтынсарин» төс белгісі;
— «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»төс белгісі;
— «Мейірім — әлемге махаббат» медалі;
— «Еңбек ардагері» медалі.
🗃️Ведомстволық наградалармен көтермелеуге ұсынымды өңірлік білім басқармалары жанындағы «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін көтермелеулермен марапаттауға материалдар енгізу жөніндегі комиссия» енгізеді.
📌Көтермелеуге кандидаттардың құжаттары салалық көтермелеу жүйесінің 6-қосымшасына сәйкес жұмыс көрсеткіштеріне сәйкес қаралады: жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, педагог пен оның оқушыларының жетістіктері және т.б. марапаттау балдарды есептеу негізінде жүзеге асырылады. Материалдарды қарау нәтижелері бойынша министрлік комиссиясы ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Әрбір көтермелеудің сәйкестендіру нөмірі болады, ҚР Оқу-ағарту министрінің мөрімен және қолымен бекітіледі.Осылайша, көтермелеудің өзге түрлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларына жатпайды.
🖌️Көтермелеуге ұсыныстар «Республика күні» ұлттық мереке, «Мұғалім күні» кәсіби мереке, «Халықаралық балаларды қорғау күні» халықаралық мереке, «Білім күні» мереке күні, мерейтойлық күндер мен білім беру саласындағы өзге де еңбегі үшін мерекелерге қарай қаралады.
🌐Әр түрлі бейресми марапаттар мен атақтардың жиілеп кетуіне байланысты мұқият болуды сұраймыз. Мемлекеттік наградалар туралы барлық ақпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігінің сайтында орналастырылған.
📣В целях недопущения фактов введения в заблуждение по награждению педагогов сообщаем, что поощрение ведомственными наградами Министерства просвещения РК осуществляется согласно постановлению Правительства от 15 декабря 2011 года №1539 «О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан», приказу Министра образования и науки от 8 августа 2013 года №324 «Об утверждении отраслевой системы поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан».
📥В систему поощрений педагогов и работников сферы образования входят:
— «Оқу-ағарту министрінің Алғысы»;
— «Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасы»;
— Почетный диплом «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу iсiнiң үздiгi»;
— Почетный диплом «Орта білім беру iсiнiң үздiгi»;
— Почетный диплом «Қосымша білім берудің үздігі»;
— Почетный диплом «Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi»;
— Почетный диплом «Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері»;
— Нагрудный знак «Ы. Алтынсарин»;
— Нагрудный знак «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»;
— Медаль «Мейірім – әлемге махаббатпен»;
— Медаль «Еңбек ардагері».
🗃️Представление на поощрение ведомственными наградами вносится Комиссией по внесению материалов на награждение Поощрениями за вклад в развитие дошкольного, среднего, технического и профессионального, дополнительного образования, действующей при региональных управлениях образования.
📌Документы кандидатов на поощрение рассматриваются согласно показателям работы в соответствии с приложением 6 Отраслевой системы поощрений: опыт работы, квалификация, достижения педагога и его учеников и др. Награждение осуществляется на основании подсчета баллов. По результатам рассмотрения материалов Комиссия министерства принимает решение открытым голосованием. Каждое поощрение имеет идентификационный номер, скрепляется печатью и подписью Министра просвещения РК. Таким образом, иные виды поощрений не относятся к ведомственным наградам Министерства просвещения РК.
🖌️Представления о поощрении рассматриваются по случаю празднования национального праздника «День Республики», профессионального праздника «День учителя», международного праздника «Международный день защиты детей», праздничной даты «День знаний», юбилейных дат и за иные заслуги в сфере образования.
🌐В связи с участившимися фактами разнообразных неофициальных наград и званий, убедительно просим быть бдительнее. Вся информация о государственных наградах размещена на сайте Министерства просвещения РК.