«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» атты тақырыпта қалалық семинары

2023 жылдың 04 с әуірі күні  Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің  Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» атты тақырыпта қалалық семинары өтті.

Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдіс-тәсілдерді және сыныптан тыс жұмыстарды тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Аталған семинарға Рудный қаласы білім бөлімінің әдіскері Торопова Л.М. бастауымен  қаланың бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.  Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру барысында заманауи  педагогикалық  әдіс-тәсілдердің түр-түрін қолдану арқылы  мектептің мұғалімдері өздерінің сабақтарын төмендегі тақырыптарда өтті: Канибетова А.С. 4ә сыныбында қазақ тілінен «Келер шақ», Жусипова К.А. және Бекетаева А.М. математика мен ағылшын тілі пәндерінен  «Жазбаша көбейту және бөлу» мен «By  the  sea»  тақырыбында кіріктірілген сабақ ұйымдастырды. Сонымен қатар Сәбденбекова Ұ.Ж. және Турманова П.М. «Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым»  тақырыбы бойынша « Үндестік» жобасы аясында ата-аналар және  оқушылармен бірге тәрбиелік іс шара өткізді. Қалалық семинар Бержанова Ж.Г. «Бастауыш сыныптарда сабақты ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында шебер сыныбымен жалғастырды. Семинар Хужамуратова Г.Б. ұйымдастыруында «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!» атты оқушылардың қатысуымен  шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.Семинарға қатысқан мұғалімдер өз пікірлерімен бөлісті. Аталған семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып,  қойылған мақсатына жетті деген  оң баға берілді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

English EN Kazakh KK Russian RU
Follow by Email
YouTube
YouTube
Instagram